37

«Интернет 60 Мбит/с», «Интернет 60 Мбит/с + ТВ 110 арна» тарифтік жоспарлары мұрағатталады


Құрметті Абоненттер!

Біз әрқашан өз клиенттеріміздің қажеттіліктерін және телекоммуникация саласындағы ағымдағы тенденцияларды бақылап отырамыз.
Осыған орай, 2025 жылдың 1 наурызынан бастап байланыс қызметтерінің екі тарифтік жоспары шамалы өзгеретінін хабарлаймыз. Бұл ретте тарифтік жоспарлардың жылдамдығы айтарлықтай артады.
Бұл біздің Абоненттерге заманауи стандарттарға сәйкес Интернетті пайдалануға мүмкіндік береді.

Өзгерістер тек жеке тұлғаларға әсер етеді.
Келесі тарифтік жоспарлар мұрағатқа өтеді:

  • Айына 3 800 теңге тұратын интернет 60 Мбит/с; 
  • Айына 4 300 теңге тұратын интернет 60 Мбит/с + ТВ 110 арна.

Осы тарифтік жоспарларды пайдаланатын барлық Абоненттер төмендегі тарифтік жоспарларға ауысады:

  • Айына 4 400 теңге тұратын интернет 100 Мбит/с
  • Айына 4 900 теңге тұратын интернет 100 Мбит/с + ТВ 110 арна.

Барлық сұрақтар бойынша осы телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:

40-16-60 (қалалық нөмірлерден)
+7 777 627-73-86
+7 778 046-80-46

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!